Конкурсқа қатысудың ережелері

“DARA QAZAQ” республикалық ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналының ұыймдастырылуымен өткізілетін «Менің дара өнерім ІІ» атты оқушылар арасындағы сайысқа шақырамыз!


Dara Qazaq журналының ұйымдастырылуымен өткізілетін конкурсқа оқушының өзіндік ерекше өнерінің туындысы (шығармалар, қиял-оқиғалар, ертегілер, өтірік өлеңдер, өлең жолдары, суреттер т.б.) электронды нұсқада қабылданады


Конкурсқа 1-11 сынып оқушылары және колледж студенттері қатыса алады. Материал қазақ, орыс және ағылшын  тілдерінде, кез-келген тақырыпта қабылданады. 


Барлық қатысушылар тиісті Дипломмен марапатталады.


5 оқушыны ұйымдастырған мұғалімдер Алғыс хат және Dara Qazaq журналының арнайы сыйлығын иеленеді.


10 оқушыны ұйымдастырған мұғалім Алғыс хат және Dara Qazaq журналының арнайы сыйлығымен бірге өзінің мақаласын DARA QAZAQ-тың келесі жинағына тегін жариялау құқығын алады.


Комиссия отырысының қорытындысы осы сайтта, біздің инстаграм парақшамызда жарияланады, сонымен қатар қатысушылардың барлығына почтамен жіберіледі.


Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

 І орын – 1 адам;

ІІ орын – 2 адам;

ІІІ орын – 3 адам.

Жеңімпаздарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом жолданатын болады. Конкурсқа қатысушылардың барлығына: қатысушы дипломы және жинақтың PDF  нұсқасы табысталады. 

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

• Қаріп түрі Times New Roman, KZ Times New Roman (12 кегль); интервал – 1, жиектері: жоғарғы – 2 см; төменгі – 2 см; сол жағы – 3 см; оң жағы – 2 см.

• Азат жол – 1 см.

• Бірінші ортада автордың фамилиясы аты жөні(қою).

• Келесі жолда қала атауы және ұйымның толық аты;

• Келесі жолда мұғалімнің толық аты жөні, кызметі;

• Бос жолдан кейін ортада бас әріптермен материал тақырыбы (қою).

• Негізгі мәтін бір бос орыннан кейін басталады.

• Материал мәтіні мұқият тексерілуі тиіс. 

 

Қатысу құны: 500 теңге

Барлық қатысушылар диплом мен конкурс материалдарының жинағын электронды түрде алады.

 

Ақпарат үшін: 

 8-727-970-9436 

 8-708-970-9436 

 dara_qazaq@mail.ru