Конференцияға қатысудың ережелері

Dara Qazaq журналының ұйымдастырылуымен өткізілетін конференцияларға ғылыми-әдістемелік бағыттағы жұмыстарыңызды, жаңа сабақ, ашық сабақ, тәрбиелік бағыттағы сабақтарыңызды, мақалалар, іс- шаралар сценарийлері, эссе т.б. электронды нұсқада жіберуіңізге болады (қмж қабылданбайды). Жұмысыңыз 3 беттен аспауы керек.

 

Жұмысыңыз біздің модераторлармен тексеріліп, талаптарға сай болған жағдайда почтаңызға келісім-шарт келеді. Келісім-шарт бойынша төлем жасағанан кейін ғана мақалаңыз конференцияға қатыстырылады. 
 

Конференция қашықтықтан өткізіледі, яғни тек жұмысыңызды жібересіз, өзіңіз қатыспайсыз. Комиссия жұмыстарыңызды тексеріп, жеңімпаздарды тағайындайды. Комиссия отырысының қорытындысы осы сайтта, біздің инстаграм парақшамызда жарияланады, сонымен қатар қатысушылардың барлығына почтамен жіберіледі.

 

Конференцияға ЖОО-ның оқытушылары, жалпы  білім беру саласының қызметкерлері, мұғалімдер, әдіскерлер, педагогтар, магистранттар және студенттер қатыса алады. Материал қазақ, орыс және ағылшын  тілдерінде, кез-келген тақырыпта қабылданады. 
 
Барлық категориядан және аттестациядан өтуге жарамды дипломмен марапатталасыз! 

 

Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

 І орын – 1 адам;

ІІ орын – 1 адам;

ІІІ орын – 2 адам.

Жеңімпаздарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом жолданатын болады. Конференцияға қатысушылардың барлығына: қатысушы дипломы және жинақтың PDF  нұсқасы табысталады. 

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

• Қаріп түрі Times New Roman, KZ Times New Roman (12 кегль); интервал – 1, жиектері: жоғарғы – 2 см; төменгі – 2 см; сол жағы – 3 см; оң жағы – 2 см.

• Материал көлемі 3 беттен аспауы керек.

• Азат жол – 1 см.

• Бірінші ортада автордың фамилиясы аты жөні(қою).

• Келесі жолда қала атауы және ұйымның толық аты;  

• Келесі жолда автордың қызметі;

• Бос жолдан кейін ортада бас әріптермен материал тақырыбы (қою).

• Негізгі мәтін бір бос орыннан кейін басталады.

• Материал мәтіні мұқият тексерілуі тиіс.  

Редакторлардың жұмысыңызды өз бетінше қысқартуға құқығы бар.
 

Конференцияға қатысу құны: 3000 теңге . Бұл суммаға:          

1. Мақаланың конференцияға қатысуы;  

2. Конференцияның жинағы (электронды түрде);

3. Қатысушы дипломы (электронды түрде).

 

Ақпарат үшін:  

 8-727-970-9436  

 8-708-970-9436  

 dara_qazaq@mail.ru