“DARA QAZAQ” республикалық ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналының ұыймдастырылуымен өткізілетін «Менің дара өнерім ІІ» атты оқушылар арасындағы сайысқа шақырамыз!
Dara Qazaq журналының ұйымдастырылуымен өткізілетін конкурсқа оқушының өзіндік ерекше өнерінің туындысы (шығармалар, қиял-оқиғалар, ертегілер, өтірік өлеңдер, өлең жолдары, суреттер т.б.) электронды нұсқада қабылданады
Конкурсқа 1-11 сынып оқушылары және колледж студенттері қатыса алады. Материал қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, кез-келген тақырыпта қабылданады.
Барлық қатысушылар тиісті Дипломмен марапатталады.
5 оқушыны ұйымдастырған мұғалімдер Алғыс хат және Dara Qazaq журналының арнайы сыйлығын иеленеді.
10 оқушыны ұйымдастырған мұғалім Алғыс хат және Dara Qazaq журналының арнайы сыйлығымен бірге өзінің мақаласын DARA QAZAQ-тың келесі жинағына тегін жариялау құқығын алады.
Комиссия отырысының қорытындысы осы сайтта, біздің инстаграм парақшамызда жарияланады, сонымен қатар қатысушылардың барлығына почтамен жіберіледі.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
І орын – 1 адам;
ІІ орын – 2 адам;
ІІІ орын – 3 адам.
Жеңімпаздарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом жолданатын болады. Конкурсқа қатысушылардың барлығына: қатысушы дипломы және жинақтың PDF нұсқасы табысталады.
Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
• Қаріп түрі Times New Roman, KZ Times New Roman (12 кегль); интервал – 1, жиектері: жоғарғы – 2 см; төменгі – 2 см; сол жағы – 3 см; оң жағы – 2 см.
• Азат жол – 1 см.
• Бірінші ортада автордың фамилиясы аты жөні(қою).
• Келесі жолда қала атауы және ұйымның толық аты;
• Келесі жолда мұғалімнің толық аты жөні, кызметі;
• Бос жолдан кейін ортада бас әріптермен материал тақырыбы (қою).
• Негізгі мәтін бір бос орыннан кейін басталады.
• Материал мәтіні мұқият тексерілуі тиіс.
Қатысу құны: 500 теңге
Барлық қатысушылар диплом мен конкурс материалдарының жинағын электронды түрде алады.
Ақпарат үшін:
8-727-970-9436
8-708-970-9436
dara_qazaq@mail.ru